Қошақ

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қошақ<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref> – Бозащы мен Маңғыстау түбектерінің арасында, Сарытас шығанағымен шектесетін шығанақ. Ұзындығы 32 км, енді жері 11 км. Басын Қызылқұм құмынан алып,оңтүстік-батысқа қарай созылып жатыр. Солтүстік бөлігі қорыс батпақпен бітетін енсіз сор.Оңтүстік жағалауы Ақтау жотасының етегімен шектеседі. Қошақтың аумағы Каспий теңізінің суы көтеріліп-түсуіне қарай өзгеріп отырады. Шығанақтың қиыр шығысында өзімен аттас төрткілді аласа тау жұрнағы бар. Оның абсолюттік биіктігі 58 м. Мұнда 19571958 жылдары мұнай барлау алаңы мен оларға арналған шағын елді мекен жұрты қалған.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub