Танаш Меңдібаев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:39, 2017 ж. ақпанның 28 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету
Танаш Меңдібаев (1938 жылы туған Маңғыстау ауданы Таушық ауылы) – педагог, кеңес қызметкері.
- Гурьев (қазіргі Атырау университеті) педагогика институтын (1960),
- Алматы жоғары партия мектебін (1968),
- Ауыл шаруашылығы техникумын (1982) бітірген.
- 1960 – 1965 жылдары Шахта орта мектебінде мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, директор,
- 1968 – 1978 жылы қалалық партия комитетінің 2-хатшысы,
- 1980 – 1990 жылдары облыс партия комитетінің насихат бөлімінің, оқу бөлімінің меңгерушісі, аудандық партия комитетінің хатшысы болды.
- 1993 – 1998 жылдары облыс әкімінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, облыс әкімінің бас кеңесшісі,
- 1999 – 2006 жылдары Қазақстан Азаматтық партиясының облыс бөлімшесінің төрағасы қызметтерін атқарды. Қазір Ақтау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы.
- «Азамат» орденімен (2006),
- «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл» (1970),
- «Астана» медалімен (2007) марапатталған.
- Ақтау қаласының құрметті азаматы.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>
Дереккөздер
<references/>