Гүлжәмила Мейірова
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
21:11, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету
Гүлжәмила Мейірова (Байдуллаева) (1953 жылы туған, Маңғыстау ауданы Таушық ауылы) – ғалым, химия ғылым кандидаты (1997), философия ғылым докторы. Қазіргі ҚазҰУ-ды бітірген (1971). 1977 – 1983 жылдары Шымкент қаласындағы «Шымкент химия-фармацевтика» зауытында, Шығыс Қазақстан облысы «Ертіс химия-металлургия» зауытында зерттеуші-инженер болды. 1985 жылдан Ш.Есенов атындағы АқтМУ-да оқытушы. 50-ден астам ғылым еңбектердің, патент, оқу құралдарының авторы.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>
Дереккөздер
<references/>