Мәміш қазған құдықтар

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Мәміш қазған құдықтарБейнеу ауданында Ноғайты ауылынан солтүстікке қарай 9 км жерде орналасқан. Шегем ауылының Жаубасар атасынан тарайтын құдықшы Мәміш 1910 жылы егіншілік, суландыру мақсатында арасын 11 қадам етіп екі құдық қазған. Құдықтар шығырына бір көлік жегілген. Бірінен су толы қауға тартылғанда, екінші бос қауға құдыққа түсетін. Осылай шығарылған су науамен табаны биіктетіліп жасалған тоспаға құйылып, егінге жіберілген. Кезінде осы жерде 20 отбасы құдық суымен еккен егінмен күн көрген. Әлі күнге дейін егістік орнының орны сақталған. Қазір 4 құдық бар. Құдықтар әлі қолданыста.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub