Сарбуфин Темірхан Есенғалиұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Сарбуфин Темірхан Есенғалиұлы (1928 ж. т., Атырау облысы, Доссор кенті) – экономист, Қазақстанның еңбек сіңірген экономисі (1981). Қазіргі ҚазҰУ-ды бітірген. (1963). Ембі кен орындарында экономист, аға инженер, бөлім бастығы, «Маңғыстаумұнайгаз» бірлестігінде бас экономист, бас директордың бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. Ғылыми-зерттеулік жұмыстарымен шұғылданып, Өзен, Жетібай кен орындарындағы тұрып қалған ұңғымаларды қатарға қосу үшін «Жөндеу» ЖШС-ін ашты. Инженер В.Т.Муллаевпен бірлесіп, газды жинаған соң байытудың тиімді жолын өндіріске енгізді. Ол Өзендегі газ-мұнай әдісінің тиімділігін арттырып, қабатқа айдалғаннан кейін 7 – 10%-дан көп метан алуға болатынын дәлелдеген. Сарбуфин «Құмкөл» кен орнын игеріп, пайдалануға тапсыру үшін көп еңбек сіңірді. «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref> <ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub