Махмут Бекжанов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Бекжанов Махмут (1940 жылы туған Түпқараған ауданы Қызылөзен ауылы) – мал дәрігері. Гурьев (қазіргі Атырау) ауыл шаруашылығы техникумының зоовет. бөлімін (1961), Саратов зоотехникалық малдәрігерлік институтын (1971), Алматы жоғары партия мектебін бітірген (1984). 1963 – 70 ж. Маңғыстау ауданы өндірістік басқармада мал дәрігері, 1970 – 94 ж. Маңғыстау облысы ұжымшарларында директор, бас зоотехник, бөлім меңгерушісі, партия ұйымының хатшысы қызметтерін атқарған. КСРО ХШЖК-нің күміс, қола медальдарымен марапатталған.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>
Дереккөздер
<references/>