Сәлімжан Асылханов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сәлімжан Асылханов<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>(1931 жылы туған, Атырау облысы, Ембі ауданы,Қызылқоға ауылы ) – мұнайшы-инженер. Мәскеу мұнай институтын бітірген (1951). 1951 – 64 жылдары «Қазақстанмұнай» бірлестігінің әр түрлі мұнай кәсіпшіліктерінде мастер, бас инженер, 1964 – 92 жылдары «Маңғыстаумұнайгаз» бірлестігінде инженер, техника бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған. Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1984). Техника жаңалықтары ескеріліп, КСРО ХШЖК-нің 2 күміс және қола медальдары, «КСРО өнертапқышы» деген алтын белгісі берілді.
Дереккөздер
<references/>