Қылыш Балтабаев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
17:29, 2016 ж. желтоқсанның 30 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету
Балтабаев Қылыш (1925, Адай уезі, Шетпе ауылы) – соғыс және еңбек ардагері.<ref>«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;</ref> Гурьев зооветеринарлық техникумын бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1948 – 74 ж. Маңғыстау ауданы шикізат дайындау кеңсесінде, ауданы машина-трактор станциясында есепші, 1974 – 80 ж. мамандандырылған шаруашылық директоры, жөндеу құрылыс басқармасының, тұрғын үй пайдалану телімінің бастығы болды. Қызыл жұлдыз, Отан соғысы ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref>
Дереккөздер
<references/>