Қалдаяқ Домбыұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
10:46, 2014 ж. мамырдың 1 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қалдаяқ Домбыұлы (1891, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, — 1976, Қарақоңыр ауылы) — ұста. 1923—31 жылдары Түркістан, Арыс деполарында, 1931—36 жылдары Шәуілдірдегі Арыс-бөгет тоғанында, 1936—67 жылдары ауданы кеңшарларда бас ұста болған. Қазақ қолөнері (металл өндеу, ағаш, сүйек пен мүйіз ұқсату, т.б.) әдістерін жетік білген. Шаруашылықта, күнделікті үй тұрмысында қолданылатын құрал-саймандарды, кеңшарлардың ауыл шаруашылық техникасын жөндеп, оның кейбір қосалқы бөлшектерін, сондай- ақ зергерлік әшекейлерді жаса¬ған. Қалдаяқ ұстаның жасаған құрал-саймандары Отырар мемлекеттік археологиялық корық-музейі мен Отырар руханияты кітапхана-музейінде сақтаулы. Ленин орденімен (1936) марапатталған.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub