Дрэпер Джон Вильям

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Дрэпер Джон Вильям (1811-1882), ағылшын ғалымы. Тарих, физика, химия, физиология ғылымдарымен шұғылданған әмбебап оқымысты. Еңбектерінде қоғамның дамуына табиғаттың тікелей әсер ететінін, алдағы даму бағдарын дұрыс анықтауына байланысты екенін ғылыми мәселе ретінде қойды. Дрэпердің бұл еңбектерімен Абай таныс болған, Әуезов те оқыған. Ол Абайдың философиялық көзқарасының қалыптасуына әсер еткен Еуропа ғұламаларын талдай келе: «Абайдың Сократты, Аристотельді оқығаны «Қара сөзінен», Гете, Байронды білгені өлеңінен байқалады. Спиноза, Спенсер, әсіресе Дрэпердің «Европаның есею тарихы» деген философиялық еңбектерімен де оқып танысқан» деп айрықша атап өтеді («Абайтанудан жарияланбаған материалдар», 1988, 175-бет). «Абай - қазақтың классигі» атты мақаласында Абай Дрэпердің «Европаның ақыл-ойының даму тарихының» толық курсын тәмәмдаған деген де пікір білдіреді (сонда, 75-бет).<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub