Райхан Әлжаппарқызы Әбішева

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Райхан Әлжаппарқызы Әбішева (1945-1996) - әдебиет зерттеуші.


Шығармаларын орыс тілінде жазды. Әуезовтің әдебиеттер байланысын дамыту жөніндегі еңбектері бойынша кандидаттық диссертация қорғады (1990). Ғылыми еңбектері негізінен ұлы жазушының шығармашылығына арналған. «Әдебиеттерді жақындастыруда Әуезовтің 30-жылдардағы шығармаларының маңызы» (1981), «М. Әуезовтің орыс әдебиетін аударуы» (1982), «Л. Толстойдың «Той тарқар» әңгімесін М. Әуезовтің аударуы» (1983), «М. Әуезов - орыс классикасының аудармашысы» (1984), «М. Әуезовтің 30-жылдардағы шығармаларындағы халықтар достығы тақырыбы» (1986) т. б. 10-нан аса мақала жариялады.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub