Райгүл Ахметжанова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Райгүл Ахметжанова (1955 ж. т.), суретші, педагог. Ұлттық өнер түрлерін кеңінен насихаттап келеді. Ши тоқу, шимен өрнек салу саласымен шұғылданады. Абайдың 150 жылдық мерейтойына арнап әсем нақыш, жарасымды ою-өрнекпен жасаған бұйымдары қонақтарға сыйға тартылды. М. Әуезовтің шиден тоқылған портреті 1997 ж. Францияда Париж консерваториясында, Париж мэриясында көрмелерге қойылды. Арнайы тоқылған ұлы жазушының бейнесі (көлемі 150x120 см) сонда ЮНЕСКО-ның бас хатшысы Федерико Майор мырзаға табыс етілді.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub