Құдыри Арынбеков

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Құдыри Арынбеков (т.-ө. ж. б.), немере інісі, Әуезұлы Арынбектен туады. В. Н. Әуезова: «Әуез ата» Мұхтар мен Ахметке «Құранның» «Құдіри» деген аятын оқытып жатқанында туған Арынбектің ұлының атын Құдіри деп қойыпты» деп жазады<ref>«Мұхтар Әуезов туралы естеліктер», А., 1997, 76-бет</ref>. Құдыри Ұлы Отан соғысына қатысып, жарақаттанып келіп Алматыда емделгөн. Мұхтар немере інісін ерекше қамқорлыққа алады. 40-жылдардың аяғында Құдыри ағасына еркелеп отырып: «Қашанға тар үйде қысылып отырасың. Өз қаражатың өзіңе жетеді. Бау-бақшалы жеке үй неге салып алмайсың» деген екен әзіл-шыны аралас. «Ойланатын іс екен» деп пікірін ішіне сақтап қалады. Қазіргі мүражай-ұйді салуға Құдыридің сол сөзі қозғау болса керек. Құдыриді Кеген ауданындағы Жалаңаш ауылына мал маманы етіп орналастырған. Аталас ағайындарының ішінде ерекше ықыласпен бауырына тартқан інісінің бірі - осы Құдыри.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub