Қоңқашбаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қоңқашбаев Ғали (1903, Павлодар облысы Баянауыл атырабындағы Ақбеттау ауылында – 6.6.1986, Алматы) – қазақша географиялық атауларды зерттеуші, Қазақстанда топонимика ғылымының негізін қалаушы ғалым, қазақтан шыққан алғашқы география ғылымының кандидаты (1949).
Ташкенттегі Орталық Азия мемлекеттік университетінің физика-математика факультетін (1928), ҚазПИ-ді бітірген (1946). География және геология атаулар жөніндегі республика комиссия төрағасының орынбасары. 1945 – 71 жылдары Қазақ қыздар педагогикалық институтында, ҚазПИ-де оқытушылық қызмет атқарды. Ғылыми еңбектерінде республикадағы география терминдердің шығу төркіні, 15 – 18 ғасырларда қалмақтардың (ойрат) Қазақстан жеріне келуін айқындайтын тарихи-географиялық мәліметтер, моңғолдық топонимдер, түркі топонимдерінің деректік негізі көрініс тапқан.<ref name="source1">Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub