Лебедев Борис Николаевич

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
22:17, 2014 ж. мамырдың 26 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Лебедев Борис Николаевич (19.3.1899, Ресей, Омбы облысы Борисовка с. — 16.2. 1977, Алматы) — ғалым, түсті және қара металдар металлургиясы саласының маманы, техника ғылымдарының докторы (1953), профессор (1954), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1969). Томск (Ресей Федерациясы) технология институтын бітірген (1924). 1924 — 60 ж. Ресейдегі Орал мен Сібірдің түсті металлургия кәсіпорындарында, Орал политехникалық институтында, Қазақ политехникалық институтында (қазіргі Қаз ҰТУ), Қазақстан ҰА-ның Металлургия және кен байыту институтында қызмет істеді. Негізгі ғылыми еңбектері алтын кентастарын өңдеудің жаңа технологиялық тәсілдерін зерттеуге, жетілдіруге және өндіріске ендіруге арналған. 11 өнертабыстың авторы. Ленин орденімен, “Құрмет Белгісі” орденімен және медальдармен марапатталған.

Дереккөздер

Қазақ ұлттық энциклопедиясы <references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub