Ләтипа Баймағамбетқызы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
10:39, 2014 ж. маусымның 16 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету
Ләтипа Баймағамбетқызы (1900, Жамбыл облысы Көктерек ауданы — 1930, сонда) — ақын. Шу өңірінің алты ақынын (Сауытбек, Жидебай, Қайрақбай, Әлібай, Көшкімбай, Бейсембек) жеңіп, аты халыққа танымал болған. Бұл айтыстар ел арасына кеңінен тараған. Әулиеата мен Жетісу өңіріне айтыс ақыны ретінде белгілі болған Ләтипа жиырма бір жасында Кенен Әзірбаевпен айтысқан. Бұл айтыс Кененнің жинақтарында (1967, 1974) жарияланды.
Дереккөздер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы
<references/>