Николай Садвокасович Буктуков

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Николай Садвокасович Буктуков (10 маусым 1948 жылы, Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Ұраңқай ауылында туған) – техника ғылымының докторы, профессор (1992 жылы).

Биографиясы

Қазақ политехникалық институтын (1971 жылы, қазіргі Қазақ ұлттық техника университеті) бітірген. 1972–95 жылдары ҚР Ғылым Академиясы Тау-кен ісі ғылыми-зерттеу институтының аға инженер, кіші, аға ғылыми қызметкері, лаборатория меңгерушісі, бас ғылыми қызметкері, Қазақ ұлттық техника университетінің профессор, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясы Төралқасының патенттік-лицензиялық және маркетинг бөлімінің бастығы, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясы президентінің орынбасары (1995–96 жылдары). 1994 жылдан Ғылым Академиясы «Қазғылым» АҚ Басқармасының төрағасы қызметтерін атқарады. 60-тан астам ғылыми еңбек пен 2 монографияның авторы.<ref name="source1">“Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том</ref>

Шығармалары

1. "Формирование однородности качества угля в потоке", Алматы, 1981;

2. “Технология открытой разработкой глубоких горизонтов“, Алматы, 1992;

Сілтемелер

1. «Ветер перемен» Буктуковтан алынған интервью

2. «АЛЬТЕРНАТИВНАЯ ЭНЕРГЕТИКА В КАЗАХСТАНЕ»

3. "Наука без имиджа или ноу-хау без производства"

Дереккөздер</span>

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub