Кәрібай Тұңғатарұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Кәрібай Тұңғатарұлы<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref> (1861, Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Қарғыба өзен сағасы – 1931, сонда, Ақсуат кенті) – ақын. Жас күнінен өлеңдер шығарып, “бала ақын” атанған. 1910 жылы Алакөл маңындағы Көктұма деген жерде Әсет ақынмен айтысып, атағы елге жайылады. Кәрібайдың көптеген өлең-жырлары ел қорғау тарихынан сыр шертіп, халық батырларын дәріптейді. 1931 жылы аштық кезінде Қытай жеріне көшіп бара жатқанда ГПУ қызметкерлерінің қолынан қаза табады. Кәрібайдың Әсетпен айтысы “Айтыс” жинағында (1964, 1-т.) және Әсет Найманбаевтың “Шығармалар” жинағында (1988), 1931 жылы ашаршылыққа ұшыраған халық күйзелісін жырлаған өлеңі Ә.Сәдуақасұлының “Тарихыңды танып біл” кітабында (1996) жарияланды.

Дереккөздер:

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub