Еркін Лутфуллаұлы Бекмұхамедов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Еркін Лутфуллаұлы Бекмұхамедов (1934 жылы туған, Ақтөбе облысы Шалқар қаласы) – ауыл шаруашылық ғылым докторы (1992). Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын (1959, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. Бетпақдала тәжірибе ст-ның мал азығын өндіру бөлімінде кіші ғыл. қызметкер, Мойынқұм құмдарында шөп егу, зерттеумен (19591963), Қазақ қой ш. ғыл.-зерт. ин-тының жайылымын жақсарту бөлімінің кіші ғыл. қызметкері (19631969), Алматы облысының шөл аймағын зерттеумен айналысты (19651968). Қазақтоғай-жайылым ғыл.-зерт. ин-тында кіші ғыл. қызметкер (19691991), Алматы зоотех.-малдәрігерлік ин-тында (қазіргі Қазақ ұлттық агр. университеті) мал азығын өндіру, агрономия мен ботаника кафедрасының доценті (19911993). Куба Республикасында мал азығы және жайылым тәжірибе ст-нда ғыл. кеңесші қызметін атқарған. «Қазақстанда шөп өндірудің агробиологиялық ерекшеліктері мен оны егудің технологиясы» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. 60-тан астам ғыл. еңбегі жарияланған. <ref name=source1>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер</span>

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub