Ермек Бекмұратұлы Бекмұратов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Ермек Бекмұратұлы Бекмұратов (1942 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Бөген ауылы) – медицина ғылым докторы (1988), профессор (1991), Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген (1968, қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-ті). 19681970 ж. Отырар ауданы ауруханасының дәрігер-рентгенологы, 19701973 ж. аспирант, 19731976 ж. Қазақ онкология және радиология ғыл.-зерт. ин-тында кіші, аға ғыл. қызметкер, 19761982 ж.ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 4-Бас басқармасының Орт. ауруханасында рентгенорадиология бөлімінің меңгерушісі, 19831991 ж. Қазақ туберкулез ғыл.-зерт. ин-тында аға ғыл. қызметкер, рентген-радиоизоляциялық диагностика бөлімінің меңгерушісі, 19911997 ж. Халықар. қазақ-түрік ун-тінде мед. ф-тінің деканы, 1997 жылдан оқу және ғыл. жұмыстар жөніндегі проректоры. Бекмұратовтың 104 еңбегі, 2 монографиясы бар.<ref name=source1>Қазақ энциклопедиясы</ref><ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы.«Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Дереккөздер</span>

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub