Еркінбек Солтыбаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Wikify Солтыбаев Еркінбек (20.12. 1947 жылы туған, Жуалы ауданы , Құранбел ауылы ) – қоғам қайраткері. Алматы малдәрігерлік институтын (1972), Алматы Жоғары партия мектебін (1980) бітірген. 1965 – 79 жылы Көкшетау облысы Көкшетау мал бордақылау ұжымшарында бригадир, Жамбыл облысы Жуалы ауданы Чапаев атындағы ұжымшар төрағасының орынбасары, Самсонов ауылы кеңесінің төрағасы, 1980 – 86 жылы ауданы халықтық бақылау комитетінің төрағасы, 1986 – 95 жылы Сарысу ауданы атқару комитетінің төрағасы, ауданы партия комитетінің 1-хатшысы, ауданы халық депутаттары кеңесінің төрағасы, 1992 – 95 жылы Жуалы ауданы әкімі, 1995 – 97 жылы облысы әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы. Екінші (1999) және үшінші (2003) шақырылған облысы мәслихат депутаты, тексеру комиссиясының төрағасы. Медальдармен марапатталған.

Сілтеме

Тараз энциклопедиясы

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub