Николай Иванович Крутильков

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Крутильков Николай Иванович (4.11.1896, Ресей, Киров Калинин – 13.4.1961, Алматы) – кескіндемеші, Қазақстанның халық суретшісі (1954). Қазан сурет училищесін бітірген (1916). 1921 жылдан Қазақстанда тұрды. 1921 – 24 ж. Семей театрының суретшісі, көркемсурет студиясының ұйымдастырушысы әрі оның жетекшісі болды. 1928 – 29 ж. республикада тұңғыш ұйымдастырылған көшпелі сурет көрмесіне белсене араласты. 1938 – 56 ж. Алматы сурет училещесінде ұстаздық етті. Негізгі еңбектері: Қарағанд мен Балқаш кен орындарындағы еңбек адамдарының топтама суреттері (акварель, 1934 – 47), Д.Макаев (1951), Ж.Жабаев (1957) портреттері, “Балқаштың әйгілі мыс қорытушылары” (1935), “Балқаш стахановшылары” (1953), “Марқакөл пейзажы” (1953).<ref name="source1">"Қазақ энциклопедиясы"</ref>.

Дереккөздер </span>

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub