Рамазан Рымбекұлы Баймағанбетов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Рамазан Рымбекұлы Баймағанбетов (1950 ж.т., бұрынғы Семей облысы Ұзынбұлақ а.) — актер, ҚР-ның еңб. сің. әртісі (1993). Қарағанды муз. уч-щесін (1972), Қарағанды Қазақ драма театры жанындағы студияны (1974) бітірген. 1972 — 90 ж. С.Сейфуллин атынд. драма театрдың актері; 1990 — 92 ж. Ақмола облысы Қ.Қуанышбаев атынд. Қазақ муз.-драма театрының жетекші актері болды. Ол Қарабай, Мылқау, Есеней (Ғ.Мүсірепов, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Ақан сері – Ақтоқты», «Ұлпан»), Асан, Көтібар, Шыңғыс (М.Әуезов, «Қарагөз», «Айман — Шолпан», «Шоқан Уәлиханов»), Ағоба (О.Иоселиани, «Арба аударылғанша»), Банко (У.Шекспир, «Макбет») Кронида (Еврипида, «Медея»), Яичницы (Н.В.Гоголь, «Женитьба»), Момын (Ш.Айтматов, «Ақ кеме»), Дикая, Қасым (С.Жүнісов, «Қос анар», «Жаралы гүлдер»), Хазин (Ә.Тарази, «Жақсы кісі») рөлдерін сомдаған. Театрдың «Ән-домбырам, сән-домбырам!», «Арман қыздар», «Есілім еркем», «Наурызым әнім – Наурызым сәнім!», «Ой, тәуба-ай» концерттік бағдарламаларына қатысқан.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала