Демесін Бекболатұлы Әлкенов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ӘЛКЕНОВ Демесін Бекболатұлы (1934 ж.т., Сандықтау ауданы Новый городок а.) — еңбек ардагері, теміржолшы.
Еңбек жолын Целиноградтағы т.ж. уч-щесін бітіргеннен кейін паровоз машинисінің көмекшисі ретінде бастады. Одан кейін паровоз машинісі (1950), тепловоз машинисі (1963), электровоз машинісі болып жұмыс істеді. Целиноград облысы к-ті мен облысы атқару к-тінің «Қажырлы еңбек» кітабына енгізілген. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, Октябрь революциясы ордендері, медальдармен марапатталған. КСРО Мемл. сыйл. лауреаты (1985).<ref>"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>