Қоңыр итмұрын

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:41, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Қоңыр итмұрын(шиповник)

Қоңыр итмұрын- көп жылдық, бұталы өсімдік.

Сипаты

  • Биіктігі 1,5-2метрге жететін көп жылдық, бұталы өсімдік.
  • Бұтақтары қызыл қоңыр түсті, қабығы жылтыр.
  • Гүлі бар бұтақтарының түп жағында тікенектер екі-екіден, жапырақтары кезектесіп жарыса орналасқан қауырсын тәрізді, қосалқы жапырақшалары бар.
  • Гүлдері ірі, ашық қызыл түсті.
  • Жемісі-ішінде бір ғана тұқымы бар жаңғақша, оның ішкі қабырларын түк басқан.

Мамыр айынан шілде айына дейін гүлдейді.

Емдік қасиеті

  • Әлсіреген организмге қуат беруге пайдаланады.
  • Өт айдайды, қабануды басады, асқазанның және ішектің қызметін жақсартады.
  • Несеп айдайды.

Дәріні дайындау және қолдану тәсілі

Итмұрынның ұнтақталған жемістерінің 20 грамын қайнап тұрған 2 стакан суға салып 10 минут қайнатады. Суығаннан кейін сүзіп алып, әр ішкенде 1 стаканнан күніне 2 рет ішеді.