Ділдабай Әнуарұлы Кемешев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
14:44, 2014 ж. маусымның 9 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету
Ділдабай Әнуарұлы Кемешев (25.9.1959 жылы туған, қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданы Көксәйек ауылы) – педагогикалық ғылымының докторы (2001).
- 1989 жылы Ташкент мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген.
- 1991–98 жылдары Шымкент педагогикалық институтында (қазіргі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті) оқытушы, Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент бөлімшесінде аға оқытушы, кафедра меңгерушісі,
- 1998–2007 жылдары Шымкент Әлеуметтік педагогикалық университетінде проректор қызметтерін атқарған.
- 2007 жылдан Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті ғылыми кеңестің мүшесі.
Кемешев 57 ғылыми-зерттеу жарияланымның, оның ішінде 1 монографияның авторы.<ref>Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>