Шахизат Хамитұлы Төребаев
Төребаев Шахизат Хамитұлы (20.9.1948 ж.т., Жалағаш ауданы, «Таң» а.) – қайраткер. Қазақ политехн. ин-тының (ҚазҰТУ) «Автоматика және есептеу техникасы» ф-тін (1971), Алматы мемл. ун-тінің (ҚазҰУ) заң ф-тін (1998) бітірген. 1971 – 1976 ж. Қызылорда политехникумының оқытушысы, ЛКЖО облысы к-тінің, 1976 –1986 ж. облысы партия к-тінде жауапты қызметтер атқарды. 1987 – 1995 ж. Қызылорда қ-лық халық депутаттары кеңесі аткомы төрағасының орынбасары, 1992 – 1995 ж. Қызылорда қ. әкімінің орынбасары, 1-орынбасары болды. 1995 – 1999 ж. Парламент Мәжілісінің депутаты, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, 2001 – 2004 ж. Қармақшы ауданының әкімі, 2004 жылдан облысы орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасының бастығы. Көптеген медальдармен марапатталған.
Сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы