Еськов Павел Андреевич

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Павел Андреевич Еськов (9.9.1919 туған, Ресей, Курск облысы Белая ауданы Крив-Буды савхозы) – биология ғылымдарының докторы (1968), професор (1972). Алматы зоотехологиялық-малдәрігерлік институтын (1943, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университет) бітірген. Қазақстан ғылым академиясының Эксперименттік биология ғылыми-зертхана институтында аға ғылыми қызметкер (194855), лаборатория меңгерушісі (1964–72), Херсон ауыл шаруашылық институтында кафедра меңгерушісі (197283), 1983 жылдан Бүкілодақтық ғылыми-өндірістік бірлестігінде ғылыми кеңесші қызметтерін атқарды. 1983 жылдан Мәскеу қаласында тұрады. «Отдаленная гибридизация и некоторые вопросы генетики и селекции свиней (на примере создания новой породной группы свиней «Казахская гибридная»)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Негізгі ғылыми еңбектері мал генетикасы, селекциясы және оны өсіру мәселелеріне арналған.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Суретсіз мақала