Иванов Всеволод Вячеславович
Иванов Всеволод Вячеславович <ref>Қазақстан Республикасы Ғылыми Энциклопедиясы</ref> (17.9.1905, Польша, Седлец қаласы – 1985) – биология ғылыми докторы (1954), профессор (1954), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1961).
Одесса университеттінің биология факултетін бітірген (1926). Орал ауылы шаруашылығы техникумының ботаника кафедрасында (1933–84; кейіннен Орал педогокикалық институты) жұмыс істеген. Иванов Всеволод Вячеславович Каспий теңізінің Солтүстік аймағындағы, Мұғалжар, Бузулук, Еділ мен Жайық, т. б. жерлердегі өсімдіктерді, әсіресе, ағаштарды зерттеген. Иванов Всеволод Вячеславовичтың 300-ден астам ғылыми еңбегі, оның ішінде «Из материалов к изучению лесорастительных условий средней части Гос. лесной полосы Вишневая Каспий» (1953), «Физико географический очерк Западного Казахстана» (1953), «Кормовая база пути ее реконструкции в Северной части Междуречья Волги и Урала» (1954), «Степи Западного Казахстана в связи с динамикой их покрова» (1958), т. б. бар.
Әуезовпен байланысы
Әуезовпен тығыз шығармашылық, достық қызметі жөнінде «Жыр туралы роман» (1948), «Ұлы туынды» (1957), «Абай» романы туралы (1967) т. б. мақалалар жазды. Ал «Ән туралы роман» деген мақаласында (1948) қазақ мәдениетінің ғажайып құбылысы ғана емес, жазушының өзінің де жан-жақты кемелденген кемеңгерлігін дәлелдейтін, таңқаларлық көп үнді, мінсіз қашалған бейнелері мол, халық қуатының айбынын танытатын адамгершілік қасиеттерге толы, адамға сенімді үйрететін Әуезовтің «Абайы» сынды асылдар туды деп жазды («Біздің Мұхтар».<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>
Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.
Дереккөздер
<references/>