Нұрберген Тастаев
Тастаев Нұрберген (15.12. 1957 жылы туған, Жаңақорған кенті) – термеші, ақын, сазгер. Жамбыл гидромелиорация құрылыс институтының Қызылорда бөлімшесін бітірген (1981). 1981 – 1883 ж. Жаңақорған ауданы «Госкомсельхозтехника» бірлестігінде аға инженер, 1983 – 1986 ж. 17-ші кәсіптік-техника училищесінің комсомол ұйымы хатшысы, өндіріс маманы, 1986 – 1990 ж. «Білім» аудан қоғамының жауапты хатшысы, ауданы партия комитетінде нұсқаушы, 1990 – 1991 жылы «Задария» кеңшары партия комитетінің хатшысы, 1991 – 1993 жылы кеңшар директорының орынбасары қызметтерін атқарған. 1994 – 1996 жылы Қаратөбе ауылдық округінің әкімі, 1996 – 2005 жылы аудан мәдениет бөлімінің меңгерушісі, 2005 жылдан Жаңақорған кенті әкімінің орынбасары қызметінде. Тастаев айтыскер ақын, термеші, әнші ретінде «Наурыз-89» (Алматы, 1989), Базар жыраудың 150 жылдығы (Ташкент), Т. Рысқұловтың 100 жылдығы (Шымкент), Абайдың 150 жылдығы (Ақтау) тойларына қатысып, өнер көрсеткен. Шешендік өнердің Бүкілодақтық ІІ-ші байқауының дипломанты. Сазгер Т-тың 50-ге жуық әні бар. Оның ішінде «Көңіл сыры», «Гүлім», «Жанымда бір жүрші», «Туған жер», «Ата жұртты сағындым», «Жаңақорған Жаңарығым», «Сен мені қадірлесең», «Досыма», «Қарғашым», т.б. әндері кең тараған.
Сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы