Әміртай Дарушұлы Нәлібаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Әміртай Дарушұлы Нәлібаев (2.5.1941 жылы туған, Отырар ауданы Темір станциясы) – жоғарғы дәрежелі дәрігер-психиатр. Алматы мемлекеттік медициналық институтын бітірген (1967). 1958 жылы орта мектепті бітірген соң ауданы ауруханада 2 жыл жұмыс істеген. 1967–84 жылдары Қызылорда облысы Жаңақорған санаторийінде дәрігер, Алматы облысы рухани денсаулық диспансерінде дәрігер-психиатр, бөлім меңгерушісі болды. 1984–99 жылдары Алматы облысы наркология диспансерінің бас дәрігері. 1999 жылдан бері Алматы облысы рухани денсаулық және ішімдік-есірткі аурулары орталығыныңның бас дәрігері. Денсаулық сақтау ісінің үздігі (1982). <ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref>

Сілтемелер

<references /> Үлгі:Stub Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала