Қарақисық

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қарақисық Қосұлы (шамамен 1798 – 1860) – батыр. Кіші жүздің Кете руынан шыққан. 1818 – 50 жылдары Жаңадария мен Қуаңдария өзендерінің бойында бекініс салып, қазақтардан алым-салық жинау үшін Қоқан және Хиуа бектері жіберген жасақтармен соғысқан. Ел аузындағы аңыз әңгімелер негізінде Ә.Жұматаев (1910 – 78) «Қарақисық батыр» дастанын жазған. Қызылорда облысының Ақтайлақ өңірінде Қарақисық деген жер атауы бар. Үлгі:Суретсіз мақала

Дереккөздер

Қазақ энциклопедиясы

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub