Мұратбек Мұханбекұлы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұратбек Мұханбекұлы (1948 жылы туған, Асықата ауылы) – ғалым, экономика ғылымдарының докторы. Ауыл шаруашылығы институтының орман шаруашылығы факультетін бітірген.<ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref> 1978–88 жылдары Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында бөлім бастығы, бас инженер, 1979 жылдан аудандық атқару комитетінде халықтық бақылау комитеті төрағасының орынбасары, ал 1988 жылдан Ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында бөлім меңгерушісі болған. 1991–92 жылдары Сызғанов атындағы хирургиялық ғылыми-зерттеу институтында директордың экономика жөніндегі орынбасары болды. 4 кітаптың авторы.<ref name="Source 3">Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>