Құлсариев Ертай

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Құлсариев<ref name="source1">“Қазақ Энциклопедиясы”, VI-том</ref> Ертай (1892, Алматы облысы Іле ауданы – 2.3.1958, сонда) – ақын, ауыз әдебиеті нұсқаларын жинаушы. Ауыл молдасынан сауат ашқан. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында өнерпаздардың үгіт бригадасына қосылып, ауыл еңбеккерлерін жеңіске жігерлендірді. Осы кезеңде “Біздің жол”, “Жау өңешін жұлып ал” сияқты патриоттық жырлары мен жұмбақ өлеңдері (“Патефон туралы”, “Трактор туралы”, т.б.) ел ішіне кеңінен тарады. “Көроғлы”, “Қисса-и Жәмшит”, “Мұңлық – Зарлық” секілді Шығыс сюжетіндегі қисса-дастандар мен “Арқалық батыр”, т.б. фольклерлық туындыларды жырлап, халық арасына таратты. “Жаңа заң”, “Амангелді батыр”, “Жеңіс” сынды топтама өлең, толғаулары мерзімді баспасөз беттерінде, “Халық ақындары” жинағында жарияланды (1953). Жеке туындылары, қолжазбалары Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академисының Орталық ғылым кітапханасының сирек кездесетін қолжазбалар қорында, Әдебиет және өнер институты Қолжазба орталығында сақталған. Құлсариевтың өмірі мен шығармалары туралы “Ақын-жыраулар” кітабында айтылады (1979).

Дереккөздер</span>

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub