Ермек Жұмабеков

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Жұмабеков Ермек (05.02.1945 ж.т., Қарағанды облысы Шет ауданы Ақсу-Аюлы а.) – биология ғылым докторы (1995), профессор (1987). ҚР Инженер академиясының корр. мүшесі (2003). Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын (1968, қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) бітірген. Қазақстан ғылым академиясының Ботаника институтында лаборант (1968–69), КСРО ҒА Жалпы генетика және цитология институтында аспирант (1969–71), кіші, аға ғылым қызметкері, лаборатория меңгерушісі (1974–82), Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтында ассистент, доцент, декан, ректор қызметтерін атқарды (1982–96). ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі бидай істері жөніндегі бас инспектор (1998–99), Алматы Мемлекеттік қорығының директоры (1999–2000), Қазақ ұлттық аграрлық университетінде профессор (2001–03), ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жалпы генетика және цитология институтының директоры (2003–06) қызметтерін атқарды. 2006 жылдан осы институтта лаборатория меңгерушісі. Жұмабеков Ермектің 70-тен астам ғылыми мақаласы жарық көрді.


Дереккөздер

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub