Адуандық

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:57, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Адуандық — адам мінезіне тән сипат, оның өзгелерге жеткізбек болған ой-пікірі, іс-әрекеті мен қарым-қатынасында өктемдік байқалатын қасиеті. Адам мінезіндегі мұндай ерекшелікті халық азулылық деп те атайды. Адуандықтыңтың екі жағы бар. Адуандық бір жағынан — істің мән-жайын білмей жатып байбалам салушылық, үстемдік пен өркөкіректікті білдіретін жағымсыз әрекет деп бағаланады. Екінші жағынан — адамның ойы мен сөзі жүйелі келіп, іс-әрекеттің ақиқаттығын білдіретін болса, сөйлеушінің айтқандарын тыңдаушы дұрыс қабылдап, әсерленеді. Пікірі мен сөзіне иланып, сөйлеушінің батылдығын сыйлап құрметтейді. Оның ісі мен әрекетіне қолдау көрсетеді. Мұндай адуандылық батылдық әрекет деп саналады. “Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы”, 1 - том Үлгі:Stub Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала