Ым

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:57, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Ым – басқа адамға айтпақ ойды дене мүшелерінің қимылымен жеткізу. Егер біреу басқа адамдар естіп не сезіп қоймасын деп ым жасаған кезде аяқ-қол, бет-ауызды қисайтып немесе қолмен, аяқпен байқатпай түртіп өзінің ой-пікірін қажетті адамға білдіреді. Дәстүрлі қазақ қоғамында ымның шешуін таппаған адамды “ым-ды түсінбеген, дымды түсінбейді” деп күстаналау қалыптасқан. Қазақ халқы ымды түсінгенді зерек, алғыр және ақыл-ойы мол адам деп есептейді.

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы, 9 т.

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Wikify