Әйел тілі
Әйел тілі ( Үлгі:Lang-ru ) — әйелдердің талғамына сай қолданылатын тілдік бірлік гердің шартты атауы. Әйел тілінің ерекшелігі әлеуметтік, діни, салт-дәстүр факторларына байланысты туған. Әйел тілі кейбір тілдерде (чукот тілінде) фонологиялыкжүйеге, кейбір тілдерде (араб диалектілерінде, 20 ғасыр басындағы қазақ, алтай тілдерінде) лексика жүйесіне қатысты болып келеді.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref> Мысалы: қазақ әйелдері күйеуінін жақын туыстарын, ауылдың үлкендерін өз аттарымен атамай, өздерінше ат қойып алатын болған. Ал жапон тілінде әйел тілі есімдік жүйесінде кездеседі.<ref>Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы.
«Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9</ref>
Дереккөздер
<references/>