Тұрсын Мұқашұлы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Тұрсын Мұқашұлы (1940 жылы туған ҚХР, ШҰАР) — тіл білімі маманы. Үрімшідегі 2-ші педагогикалық училищені бітірген (1959). 1959—1960 ж. Санжы облысы орта мектепте оқытушы. 1963-жылдан қазірге дейін ШҰАР-дың тіл-жазу комитетінде зерттеу бөлімі бастығының орынбасары, қытай, түркі тілдерін зерттеу қоғамының, Шынжаң қазақ тілі мен мәдениеті ғылымы қоғамының, ШҰАР-дың атау-терминдерді арнаға түсіру комитетінің мүшесі.
Еңбектері
- "Жаңа жазу әріптері және оларды жазу әдісі",
- "Жаңа жазу жөнінде сұрақ-жауаптар",
- "Қазақ жаңа жазуының жобасы (авторлардың бірі)",
- "Қазақ жаңа жазуының емле ережесі (авторлардың бірі)",
- "Қазақ жазуының негізгі ережелері (авторлардың бірі)",
- "Қазақ тілінің емле сездігі (авторлардың бірі)",
- "Емле білімдері (фонетика бөлімі)",
- "Қазіргі қазақ тілі (авторлардың бірі)" т. б. еңбектердің авторы.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Wikify