Көтере алу

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:56, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Көтере алу. Саудаға түскен товарды бөлектеп, біртіндеп алмай, түгел сатып алу — қазіргі тілімізде осылай қалыптасқан. Бұдан басқа жағдайда «көтере» сөзі жеке не басқа сөзбен тіркесе түсіп, дәл осыңдай мағынада қолданыла бермейді. Ерте кездерде жеке қолданылып, кейін қазақ тілінде кейбір тіркестерде ғана сақталып қалғанын басқа түркі тілдерінің деректері арқылы білеміз. Мысалы, алтай (ойрат) тілінің туба-кижи диалектісінде көтөри немесе көтүре — бәрі, барлығы мағынасында қолданылады (Н. А. Баскаков, ДЧТ., 1966, 131). Осы дерекке қарағанда, «көтере алу» түсінігі — бәрін, түгел алу дегенмен барабар.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала