Бүрліқабық
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Бүрліқабық (грек, chorion - бүрліқабық) — құрсақта дамитын сүтқоректілер үрығы мен енесінің организмдері арасындағы зат алмасуды қамтамасыз ететін ұрықжолдасын (плацента) жасауға қатысып, қорғаныс қызметін атқаратын сыртқы ұрық қабығы. Бүрліқабық ұрықтың қағанақ қатпарларының бір-бірімен қосылуы нәтижесінде пайда болып, сыртқы ұрықтантыс эктодерма мен ішкі мезодерманың париетальды жапырағынан дамиды. Оның қуысында бүрліқабық (хорион) сүйығы болады. Хорионның ішкі бетіндегі мезодерманың париетальды жапырағы мен аллантоистың сыртқы қабаты — мезодерманың висцеральды жапырағы бірігіп, қан тамырлары жақсы жетілген алланто-хорион қабатын түзеді. Алланто-хорионның бүрлері жатырдың кілегейлі қабығындағы кірмелерге (крипталарға) еніп байланысып, әртүрлі жануарларда құрылысы түрліше ұрықжолдасты (плацентаны) жасауға қатысады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бүрліқабық|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}