Ликвор

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:26, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Ликвор - ми және жұлындағы субарахнойдальды аймақтағы ликвор өткізгін жолындағы, ми қарыншаларында жүретін сұйықтық. Ағзадағы ликвор мөлшері – 200-400 мл. ОНЖ—де ликвор айналысы 3 негізгі звеноны құрайды.

1) ликвор өндірілу

2) ликвор айналысы

3) ликвор ағуы

Ликвор қозғалыс тербелу арқылы кезеңді түрде әр түрлі жылдамдықпен (тәулігіне 5-10 рет) жаңарып отырады,. Ол ағзадағы физиологиялық процестердің тербеліс күніне, онж-ға тәуліктік күш түсуіне байланысты. Мида ликвордың таралуы.

Әрбір бүйір қарыншада 15 мл ликвор болады; ІІІ, ІV қарыншада Сильвиев суөзегімен бірге 5 мл ликвор болады; церебральды субарахнойдальды аймақта – 25 мл; жұлында – 75 мл. Нәрестелер мен ересек балаларда – 40-60 мл, кіші балаларда 60-80 мл, ересек балларда – 80-100 мл.