Эласмотерийлер

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:26, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Эласмотерийлер (Elasmotherіum) – жойылып кеткен мүйізтұмсықтар. Плейстоцен кезеңінде Еуразияда көп таралған. Бұдан 1 млн. жыл бұрын Қазақстанның солт. аудандарында көптеп тіршілік еткен. Э-дің 4 түрі анықталған. Денесінің ұзындығы 4,5 м-дей, биікт. 2 м-дей. Маңдайында үлкен бір мүйізі болған. Аяқтары үш тұяқты. Ұзын тістерінің үстінде (пілдердің тістеріне ұқсас) ирек эмаль қатпарларының болуына қарағанда, Э. ашық далалы жерлерді мекендеп, шөптесін өсімдіктермен қоректенген. Э-дің плиоцен кезеңінде дамып шыққан синотерий деп аталатын арғы тектері тек Қытай (Шанси) және Қазақстан (Павлодар, Зайсан) жерлерінен табылған.

Үлгі:Суретсіз мақала