Есту жүйкесі (слуховой нерв); (nervus acusticus; лат. nervus — жүйке және acusticus — есту) — ішкі
құлақ пен
ми орталығын байланыстыратын, есту талдағышының (
анализаторының) өткізгіш жолы. Есту жүйкесі тепе-тендік жүйке түбіршігімен бірігіп,
ми жүйкелерінің VIII жұбы тепетеңдік-есту сезімтал жүйкесін түзеді. Есту жүйкесінің түбіршігі иірімді (
спиральды) жүйке түйінінен, ал тепетендік жүйке түбіршігі кіреберіс (
вестибулалық) жүйке түйінінен басталады. Екі түбіршік ішкі есту өзегінде бір баганға бірігіп, сопақша мидың сұрзаттық
ядроларында аяқталады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл.
ISBN 9965-822-54-9</ref>
Дереккөздер
<references/>
Үлгі:WikifyҮлгі:Stub