Диплотен

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:26, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Диплотен (грек, diploos — қос-қосынан, қосарынан) — жыныс жасушаларының пісіп жетілуіндегі (гаметогенездегі) жасушалардың бөліну түрі — мейоздың ең ұзақ бірінші кезеңі — профазадағы кұрделі құрылымдық өзгерістер жүретін сатысы. Диплотен сатысында пахитенде ширатылып жуандаган біріншілік сперматоциттер немесе овоциттер ядроларындагы жұп гомологиялық хромосомалардың әрқайсысының жанында, интерфазада қорланған ДНҚ мен белоктардан олардың көшірмелері — жаңа хромосомалар түзіліп, олардың саны екі еселенеді де, төрт-төрттен орналасқан тетрадалар пайда болады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Суретсіз мақала

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub