Бүрлер

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:26, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Бүрлер — жануарлар ащы ішектерінде қорытылған қоректік заттарды сорып сіңіру процесін іс жүзіне асыратын кілегейлі қабықтың ішкі бетіндегі өсінділі құрылымдар. Бүрлердің ішкі бетін бірқабатты призма тәрізді жиекті эпителий астарлайды. Бүрлердің негізін — эпителий қабатының астындағы борпылдақ дәнекер ұлпалық өзіндік тақташа қабаты құрайды. Бұл қабат қан және лимфа капиллярларына бай келеді. Бүрлердің ішкі бетін астарлайтын бірқабатты призма тәрізді жиекті эпителий эпителиоциттерінің микробүрлері ішектің ішкі бетінің сору алаңын 30 еседей ұлғайтады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub