Кезеген жүйке

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
12:28, 2014 ж. маусымның 6 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Кезеген жүйке (Үлгі:Lang-la. nervus —жүйке, vagus — кезеген) — ми жүйкелерінің X- жұбы, аралас жүйке. Құрамында жүйке талшықтарының үш түрі болады. Олар: афферентік, эфферентік парасимпатикалық және эфферентік симпатикалық.

Афферентік (орталыққа тепкіш) жүйке талшықтары ас қорыту (жұтқыншақтан бастап), тыныс алу (көмекейден бастап) жүйелерінің кілегейлі қабықтарынан, қалқанша және айырша (тимус) бездерден басталады. Олар кезеген жүйкенің жолында орналасқан проксимальды және дистальды жүйке түйіндерінің нейроцитгері өсінділерінен құралады. Афференттік жүйке талшықтары сопақша ми ядросында аяқталады.

Эфференттік (орталықтан тепкіш) парасимпатикалық талшықтар кезеген жүйкенің дорсальды қозғалтқыш ядросынан бастап, көкірек және құрсақ қуысындағы ішкі мүшелерді жүйкелендіреді. Эфференттік симпатикалық жүйке талшықтары мойынның краниальды жүйке түйінінің нейроциттері аксондарынан түзілген. Кезеген жүйке симпатикалық жүйке бағанымен бірігіп, кезегенсимпатикалық (вагосимпатикус) бағанын түзеді. <ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала Кезеген нервҮлгі:Stub