Иммундық жасушалар

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:26, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Иммундық жасушалар (Үлгі:Lang-la immunis — бір денеден босау, арылу, құтылу; грекше kytosжасуша) — адам мен жануарлар организмдерінің бактерияларга, вирустарга және басқа да бөгде заттарға (антигендерге) қарсы тұру қабілеттілігін қамтамасыз ететін жасушалар. Иммундық жүйе жасушаларын иммуноциттер деп атайды. Иммуноциттердің негізгі көзі — көпмүмкіндікті (полипотентті) діңгекті жасушалар. Олар сүйектің қызыл кемігі майында дамып жетіледі. Иммундық жүйенің қызметі нейрогуморальдық жолмен реттеледі. Организмнің иммундық қорғанысын жүзеге асыратын жасушаларға: лимфоциттер (Т-, В-) мен плазмоциттер, макрофагтар жатады. <ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub