Мерокринді секреция
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
12:22, 2014 ж. маусымның 6 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету
Мерокринді секреция (мерокринная секреция); (merocrinos, грек, meros — бөлігі, krinoein — бөлу) — сыртқы секреция бездерінің сөл бөлу түрі. Мерокринді секреция кезінде безді клеткалар — гландулоциттердің бүтіндігі бұзылмай, бөлетін сөлі жасуша плазмолеммасы арқьшы диффузды жолмен сүзіліп шығады. Мерокринді секреция — сілекей, өңеш, қарын, ішек, жатыр, ұйқы бездері мен эндокринді бездерде болады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>
Дереккөздер
<references/>