Хондробласт

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:26, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Хондробласт (chondroblastus, грек, chondros — шемір-шек, blastos — өскін, бастама) — жас шеміршек жасушасы. Ол діңгекті жасушадан түзілген, пішіні сопақша келген жасуша. Хондробласт шеміршек ұлпасын сыр-тынан каптаған шеміршекқаптың (перихондрийдің) төменгі қабатында орналасады. Оның цитоплазмасы РНҚ-ға бай, базафилді боялады. Ол шеміршек ұлпасының жасушааралық затын түзуге қатысып, шеміршектің қалындап өсуін қамтамасыз етеді. Жетілген шеміршек ұлпасында хондробласттар шеміршек жасушалары — хондроциттерге айналады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Суретсіз мақала

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub